Казахстан, г.Алматы,
ул.Валиханова, 63А
ПН-ПТ 10:00 - 18:00
ВС - Выходной

Алматының үздік психологтары

Алматының үздік психологтары — қазіргі таңда елімізде психолог мамандар өте көп. Білікті психолог іздеп жүрсеңіз, біздің кеңестеріміз солардың ішінен ең үздігін таңдауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда елімізде психолог мамандар өте көп. Білікті психолог іздеп жүрсеңіз, біздің кеңестеріміз солардың ішінен ең үздігін таңдауға мүмкіндік береді.

Маманды қалай таңдау керек?

Көп жағдайда проблемаларыңызды жеңуге көмектесе алатын маманды таңдау қиынға соғып жатады. Көптеген адамда: “Психологты қалай таңдау керек және оған сенім артуға бола ма?” деген сұрақ туындайды.

Негізгі критерийлер

  • Өзіңіздің қалауыңыз. Психологияда әр түрлі әдістер бар, солардың ішінен өзіңізге қажеттісін таңдаңыз.
  • Маманның біліктілігі. Білікті маман өзінің алған біліміне, біліктілігіне, тәжірибесі мен жұмыс әдісіне қатысты сұрақтарға айқын әрі нақты жауап беруі қажет.
  • Этика. Кәсіби маман ешқашан кәсіби қарым-қатынастың шегінен шықпауы керек: пациентпен сексуалды, кәсіби, достық қарым-қатынасқа түспеу керек.

Алматының барлық психологтары 2002 жылы Венада қабылданған Әлемдік тұлға хартиясын сақтауға міндетті.

  1. Тұлғаның қадір-қасиетін құрметтеу құқығы.
  2. Таңдау жасау құқығы.
  3. Ақпаратқа қолжетімділік құқығы.
  4. Психотерапия шарттары.
  5. Құпиялылық  құқығы.
  6. Психотерапевтің моральдық міндеттері.
  7. Өтініш беру процедурасы.

Егер де келесі жағдайлар кездессе, психолог сізге сәйкес келмейді деген сөз:

Ол сізді көре салысымен, бірден сізге сипаттама беріп, диагноз қойған болса. Бұл жағдайда ол маман ретінде проблеманың анық-қанығына жетпеді деген сөз. Егер ол сізді тыңдамай, өзіңізге қатысты пікір айтса — мұндай психологтан аулақ болыңыз.

Егер психолог сізге не қажет екенін алдын ала біліп, сізге бірден бірнеше қабылдауға келуге ұсыныс жасаса. Білікті маман алдымен нақты бір жағдайда өзінің болашақ пациентіне көмектесе ала ма, соны біліп алу керек. Сондықтан ол алдымен сізбен әңгімелесуі қажет.

Егер психолог өзін мақтаса, не әріптестерін сынап жатса, оған күмәнмен қарау керек. Егер психолог оның біліктілігі сіздің проблемаңызды шешуге сәйкес келмейтінін түсінсе, ол осы мәселеге маманданған өзінің әріптестерінің біріне көмекке жүгінуге кеңес береді.

Сұрақтарыңызға нақты жауап бермесе, не өткізіп жатқан терапия жөнінде толық ақпарат бере алмаса. Жақсы маман пациентпен бірге не істейтінін түсінікті тілде жеткізе алады.

«Кидо» отбасылық психологиялық орталығына келіңіздер! Бізде бірнеше жоғары білімі мен үлкен жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандар жұмыс жасайды.

0 0 голоса
Рейтинг статьи
Подписаться
Уведомить о
guest

0 комментариев
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Читайте также:
0
Оставьте комментарий! Напишите, что думаете по поводу статьи.x